00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру порталы жаңа бейне-сабақтармен толықты

25.02.2023 | 03:35
Елорда ақпарат
93

Әрбір бейне-дәріс ұзақтығы 10-15 минуттан тұратын ыңғайлы қысқаша онлайн-форматта 1-11-сыныптарының оқушылары үшін әзірленген.

2021-2022 оқу жылының III тоқсанында «Ұлы тұлғалар. Мерейтойлық күнтізбе» – «Великие личности. Календарь знаменательных и юбилейных дат» жаңа бағыты бойынша бейне дәрістер порталға енгізілді. Бұл бағытта оқушылар үшін еліміздің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлғалардың айтулы және мерейтойлық күндеріне арналған бейнесабақтар бар.

Сонымен қатар, қыш, киіз, қолданбалы өнер, зергерлік бұйымдар жасау бойынша шеберлік сыныптары да порталдан орын алған.

Жыл басынан бастап Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің, шығармашылық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық құрамының қатысуымен сабақтардың бейнетүсірілімі өтуде.

Жобаға Қазақстанның Халық артисі Гаухар Мырзабекова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Болат Әбділманов, Толқын Забирова, Әділ Ахметов,  Қазақстан киносыншылары ассоциациясының президенті Гаухар Әбікеева, профессор Қазақстанның суретшілер одағының мүшесі Ольга Батурина және мәдениет пен өнердің басқа да өкілдері қатысқан.

Президент 2022 жылды – Балалар жылы деп жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде “Балалардың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз” деп баса айтты. Мәнді мәдениет пен өнегелі өнерді бойына сіңірген жас ұрпақты тәрбиелеуде бұл жобаның берері мол.

Все новости