00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елімізде сотталғандардың бірыңғай киім үлгісі бекітілді

25.02.2023 | 03:22
Елорда ақпарат
78

Жаңа киім үлгісі жазғы және қысқы мерзімге арналған.

Сотталғандардың жазғы киім нысаны: шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар:

- сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін - сұр түсті;

- сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін - жасыл түсті;

- тәртіптік изоляторлардағы және жалғыз адамдық камералардағы сотталғандар үшін - қызғылт сары түсті.

Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсысының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар күртеше мен шалбар - қоңыр түсті.

Бас киім - су өткізбейтін матадан тігілген кепка (әйелдер үшін - үшкіл орамал).

Сотталғандардың қысқы киім нысаны: Шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай тігілген, ені 2,5 сантиметр болатын жарық шағылыстырғыш бір жолағы бар күртеше және шалбар:

-сотталған ерлер мен кәмелетке толмаған ұлдар үшін - сұр түсті;

- сотталған әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздар үшін - жасыл түсті.

Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін шалбарының балақтары мен күртешенің жеңдеріне, сондай-ақ бүкіл арқа тұсы мен кеуде тұсын бойлай көлденеңінен арасынан 2 сантиметр қалдырып тігілген, әрқайсының ені 2,5 сантиметр жарық шағылыстырғыш екі жолағы бар жылы күртеше мен шалбар - қоңыр түсті. Бас киім - иірілген 2 немесе 3 жіптен тоқылған бөрік.

Все новости