00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Әлеуметтік төлемдердің ережелері қалай өзгерді

25.02.2023 | 03:17
Елорда ақпарат
56

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш жасалған уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан тағайындалады

Жұмыссыз қалған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем

Қазақстанда жұмысынан айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем беріліп келе жатыр. Ол үшін азамат өзінің жұмыссыз екенін ресми түрде растауы керек. 

Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем

Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің үлесіне құқығы бар адам тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгіне алады.

Жүктілік немесе босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем

Төлемнің бұл түрін тағайындау үшін мемлекеттік корпорация арқылы өтініш беруге болады.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем (баланың тууын тіркегеннен кейін)

Бір жасқа толғанға дейінгі баланың күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау туралы өтініш «Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» қызметі арқылы алу кезінде «бір өтініш» қағидаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау туралы өтініш баланың туылуы тіркелгеннен кейін қаралады.

 

Все новости