Наурыз мерекесі қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
![](/img/articles/uploads/6233f3994bf98684291977_befb5f1926.jpg)
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жазушы Илья Жақановқа, еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шармановқа берілді.
«Отан» орденімен ақын Нұржан Светқали; І дәрежелі «Барыс» орденімен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жандарбек Мәлібекұлы, ақын Нұрлан Оразалин; ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Алматы облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов, Күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов және басқалар наградталды.
«Парасат» орденімен мәдениет, ғылым және білім қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды. Олардың қатарында Ұлттық ғылым академиясының мүшесі Кәрімбек Кұрманәлиев, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің аға оқытушысы Павел Афанасьев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Берік Әбдіғалиұлы, Еділ Жаңбыршин бар.
Спортты дамыту дирекциясы пауэрлифтинг командасының жетекшісі Сергей Цырульников ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
«Құрмет» орденімен саясаттанушы Данияр Әшімбаев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, Адам құқықтары үшін хартияның атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова, Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі Ернар Еділбаев, белсенді Орынбасар Сейітов, «Мир Евразии» қорының президенті Эдуард Полетаев, Шымкент қаласы Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Ғалымжан Майханов, қоғам қайраткері Дәурен Тәліпов, жыршы Арғын Бисенов, Қ.Оспанов атындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Нұржан Ермағамбетов, Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Есенай Еспенбетов наградталды. «Құрмет» орденіне жалпы 94 адам ие болды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Адырна» қорының президенті Арман Әубәкір, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз хатшысы Константин Музалевский, Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы Ұларбек Нұрғалым марапатталды. Осы медальмен барлығы 25 адам наградталды. «Шапағат» медаліне 68 волонтер, меценат және басқа да азаматтар ие болды. Олардың қатарында журналист Александра Мыскина, «Үміт-Надежда» мүгедектер ұйымының төрағасы Дүйсенғали Оспанов, «Океан» ПИК жұмыскері Арлан Мүтішев, «Paybox.money» ЖШС департамент директоры Мария Чечина, Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің студенті Мерейбек Мағабилов, «Богатырь-Көмір» ЖШС жол машиналарын реттеуші Евгений Шарифуллин, волонтер Айгерім Досқалиева бар.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)