00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Биыл мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 69,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

25.02.2023 | 02:40
Елорда ақпарат
88

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 527,4 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 171,9 мың адамды құрады.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мүгедектік жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 51 731 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайында 43 268 теңгені құрады.

Все новости