00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мүгедектікті белгілеу бойынша 9,6 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды

25.02.2023 | 02:23
Елорда ақпарат
63

Мүгедектік тобын белгілеу бойынша қызмет алу үшін өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өтуі керек, ал қалған процестер Ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

Бұрын денсаулығынан айырылған азаматтарға мүгедектікті белгілеу және техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін алу үшін әртүрлі инстанцияларға жүгінуге тура келетін. Мәселен, алдымен – тексеру үшін емханаға, содан кейін мүгедектікті анықтау үшін медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне, содан соң мүгедектік белгіленгеннен кейін – жәрдемақы тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та және ОТҚ мен оңалту қызметтерін алу үшін әкімдікке жүгінуге мәжбүр болатын. Содан кейін кейде бірнеше айға созылған мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізіледі. Осылайша, азаматтар техникалық құралдар мен қызметтерді уақтылы ала алмады, сондай-ақ олардың сапасына әрдайым қанағаттанбады. Енді пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінеді, ал медициналық-әлеуметтік сараптама емханадағы дәрігерлердің қорытындысы негізінде оның қатысуынсыз қашықтан жүргізіледі. Жәрдемақы мүгедектік тобы белгіленгеннен кейін автоматты түрде тағайындалады. ОТҚ және оңалту қызметтері 2021 жылдан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өз бетінше таңдай алады және тапсырыс бере алады, ал мемлекет олардың құнын өтейді. Порталдың арқасында кезектілік процестері айқын болды, кейбір жағдайларда тауарлар мен қызметтерді ұсыну мерзімі жарты жылдан 2 аптаға дейін қысқарды», – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Все новости