00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада 26 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

25.02.2023 | 02:20
Елорда ақпарат
54

Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді. 

Сецсембекова Саяның жоғалып кеткені туралы ақпарат Facebook желісіндегі «Астана - Что? Где? Когда?» тобында жарияланған. Жазбадағы ақпаратқа сәйкес, бойжеткен 3 наурыз күні Сығанақ көшесі бойында орналасқан үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Сол уақыттан бері онымен ешкім хабарласа алмаған. Саяның белгілері: бойы - 160 см, шашының ұзындығы - орташа. Ернінің үстінде тыртық бар. Бойжеткен сұр күртеше, қара шалбар және қоңыр кроссовка киген.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті Саяның жақындары полицияға оның жоғалғаны туралы арыз жазғанын растады.

Есіл ауданының Полиция басқармасына елорда тұрғыны өзінің 26 жастағы туысы осы жылдың 3 наурызында Сығанақ көшесіндегі үйден белгісіз бағытқа шығып кеткенін және осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз екенін айтты. Іздестіріліп жатқан қыздың бірінші рет жоғалмағаны анықталды. Жоғалған адамды іздеуге елордалық Полиция департаментінің жеке құрамы бағытталды. Барлық қажетті жедел-іздестіру және тексеру шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады Полиция департаментінен. 

Все новости