00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Жас сарбаздар ардагерлерді мерекелерімен құттықтады

25.02.2023 | 02:10
Елорда ақпарат
94

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери патриоттық қозғалысы" РҚБ филиалы Раиса Сафоничеваны 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. 

Раиса Егоровна бірінші Украина майданында байланысшы болып қызмет еткен. Соғыстың аяқталғанына 77 жыл өтсе де, ол жайлы сыр айтқысы келмейді.

Соғыс ардагері алған сыйлықтарына риза болып, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

Құрметті қыздар, аналар мен әжелер! Сіздер көктемнің ең жарқын қуанышты күні сияқтысыздар. Бұл өмірден әрдайым қуаныш, бақыт көріңіздер, - деді Раиса Сафоничева.

Мерекелік іс-шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкенов, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров, "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" РҚБ төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев, оның ішінде "Жас сарбаз" қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек қатысты.

Құттықтау барысында ардагерлерге гүлдер мен азық-түлік себеттері табыс етілді, сондай-ақ ҚР ҚК Орталық оркестрінің платц-концерті көрсетілді.

Все новости