00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Достық үйінде қайырымдылық шарасы өтті

25.02.2023 | 02:06
Елорда ақпарат
91

Бұл мерекелік іс-шараның мақсаты – өмір бойына көз жанарынан айырылған және тағдырдың жазуымен қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдармен бірге болу.

«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің қалалық бөлімшесінің төрағасы Ерғали Бұхаров:

Біздің бірлестігімізге жетпіс жылдан астама уақыт болды. Бүгінде оған әртүрлі жастағы 500-ден астам адам кіреді. Біздің қатысушылар түрлі іс-шараларға белсенділік танытып, қатысып тұрады. Бүгін, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында сіздерге құттықтауларыңыз бен назарларыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді.

Мүмкіндігі шектеулі зағип жандардың қатарында мәдениет, шығармашылық, спорт салаларында күш-қуат тауып, табыстарға қол жеткізген әйелдер де бар.

Қарапайым адамның рухани құндылығының ашық болуы, қоғам арасында адамдардың мейірімділіне әсер ететіні өте маңызды қасиет. Өмірдегі әртүрлі қиыншылықтарға қарамастан, жандарыңыз әрдайым жарқырап жүрсін. Біз Сіздермен әрдайым біргеміз және қолдаймыз. Шуақты көктем мерекесі Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтай отырып, амандықтарыңызды тілеймін, - деп «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев зағип жандарға сый-құрмет көрсетті.

Нұр-Сұлтан қаласының Қазақ зағиптар қоғамы құрған музыкалық ұжым өз шеберлігін көрсетіп, қонақтарды жақсы өнерімен қуантты.

Все новости