00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Сәйкес сандар датасы: Елордада бір күнде 240-қа жуық неке қиылды

25.02.2023 | 01:07
Елорда ақпарат
110

Қала әкімдігінің хабарлауынша, кеше таңертеңнен бастап АХАТ-тың елордалық бөлімдерінде алғашқы отбасылық құжатын алу үшін жас жұбайлар тізіліп тұрған. Нұр-Сұлтанда кешке дейін 240-қа жуық жұп неке қию рәсімін өткізді.

Сандары сәйкес мұндай күндер жас жұбайлар арасында сұранысқа ие. Мысалы Есіл ауданында күніне орта есеппен 30-40 жұп тіркелсе, жұмыс күнінің соңына дейін 100-ге жуық жас некесін тіркеді. Жас жұбайларға отбасылық бақытты өмір, берік неке тілеймін! Бұл күн оларға сәттілік пен амандық әкелсін! - деп атап өтті Есіл ауданы әкімдігі АХАТ бөлімінің басшысы Раушан Зарирова.

Айта кету керек, соңғы жылдары елордада ресми түрде некесін тіркейтін жаңа отбасылардың саны үнемі өсіп келеді. Сонымен, 2020 жылы 9 571 жұп некесін қиса, 2021 жылы – шамамен 12 мың.

Сарапшылардың айтуынша, олар қазір некеге тұруға және отбасын құруға жауапкершілікпен, саналы түрде қарайды. Бүгінгі таңда жас жұбайлардың орташа жасы 26-28 жасты құрайды, ал 4-5 жыл бұрын ол 22-23 жас болатын. Тек жастар ғана емес, сонымен бірге 50-60 және тіпті 70 жастағы үлкен кісілер де бар.

Все новости