00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Биыл елордада мереке күндері кімдер ақшалай төлем алады

25.02.2023 | 01:02
Елорда ақпарат
78

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлім етті.

2,5 АЕК (7 657 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек мына санаттағы азаматтарға төленеді:

4 ақпан (Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні) – әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға, қатерлі ісікке шалдыққан балаларға;

8 наурыз (Халықаралық әйелдер күні) – көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, соның ішінде тұрмысы төмен отбасыларға;

21-23 наурыз (Наурыз) – ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға;

7 мамыр (Отан қорғаушылар күні) – Қазақстан алдындағы айрықша еңбегі үшін зейнетақы алатындар қатарындағы зейнет жасындағы адамдарға;

31 мамыр (Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні) – саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болған саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккендерге;

1 маусым (Балаларды қорғау күні) – жетім балаларға;

30 тамыз (Конституция күні) – Семей полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккендерге, соның ішінде ядролық сынақтардан келген шығын үшін біржолғы өтемақы алатындар мен зейнеткерлерге;

1 қазан (Қарттар күні) – ең төмен зейнетақы алатын, зейнет жасына байланысты зейнетке шыққандар мен зейнет жасындағы адамдарға;

қазан айының екінші жексенбісі (Мүгедектер күні) – мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

1 желтоқсан (Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні) – әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын, ВИЧ-ке шалдыққан азаматтарға;

16 желтоқсан (Тәуелсіздік күні) – "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заңда белгіленген тәртіппен ақталған, 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына;

Бұған қоса, тұрмысы төмен азаматтарға 1 желтоқсанға (Тұңғыш президент күні) орай 4,5 АЕК (13 784 теңге) беріледі.

Все новости