00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстандық әйел әуежайда 4 мың доллары бар сөмкесін ұмытып, Түркияға ұшып кеткен

25.02.2023 | 00:50
Елорда ақпарат
98

Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 7 ақпанда болған. Әйел күту залында 4 мың доллар салынған сөмкесін ұмытып кеткен. 

Түркістан қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы Нұралы Нұржігіт пен патрульдік полиция қызметкері Қайрат Қошан қызметтік міндетін атқару кезінде жолаушының қалып қалған затын байқаған. Олар сөмкенің иесімен тез арада байланыс орнатып, әйелге қаражатын қайтарып берген. 

Әйел Түркістан әуежайының департамент басшылығына және желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне алғыс айтып, олардың байқағыштығы мен жауапкершілігін атап өтті, – делінген хабарламада. 

Все новости