00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Студенттерге жатақханалардан 10 мың орын беріледі – Үкімет басшысы

24.02.2023 | 23:41
Елорда ақпарат
63

Жетекші ғалымдарды  ғылыми қызметке қатысуға ынталандыру  жалақыны базалық қаржыландыруға қосу арқылы  қамтамасыз етіледі. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға гранттар бөлінеді,  әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін  500 грант, постдокторантура мен  ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға  1000 грант бөлінеді, – деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің сөзінше, басты мақсат – білім беру саласы экономикадағы кадрларға деген сұранысқа сай болуы керек.

Сонымен қатар ол өңірлерге үздік мұғалімдерді тарту үшін барлық жағдай жасалатынын мәлімдеді. 

Білім беру саласы бойынша  биыл мектепке дейінгі ұйымдар  қосымша ең кемі 30 мың жаңа орынмен қамтамасыз етіледі  және 225 орта мектеп ашылады. Кадр тапшылығы бар өңірлерге  үздік педагогтарды тарту үшін  тиісті жағдайлар жасалады, - деп түсіндірді Ә. Смайылов. 

Президенттің тапсырмасына сәйкес, жастарға үздік жоғары оқу орындарында білім алу қолжетімді болуы үшін  беделді шетелдік 5 университеттің филиалы ашылады.

Инженерлерді даярлауға арналған техникалық мамандықтардың гранттарының үлесі 40%-дан 60%-ға дейін ұлғайтылады, – деп толықтырды Премьер-министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Все новости