00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: ІІМ 10,5 мың адамнан жауап алды

24.02.2023 | 23:38
Елорда ақпарат
91

Ішкі істер органдарының тергеушілері арнайы прокурорлармен тығыз іс-қимыл жасай отырып, қаңтар оқиғаларының себептерін анықтау, қылмыс іздерін алу және бекіту, сондай-ақ қажетті дәлелдемелер базасын жинау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жұмысқа барлығы 200-ден астам тергеуші тартылған. Бұрын хабарланғандай, қазіргі уақытта барлық зақымданған нысанды тексеру аяқталды. Олардың саны 1,5 мыңнан асады және 760-тан астам автокөлік бар, - деді Санжар Әділов. 

Оның айтуынша, куәгерлер мен жәбірленушілер ретінде 10,5 мың адамнан жауап алынды. 

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде қылмыскерлер мен жасыру орындарынан 828 бірлік қару, 18 мыңнан астам оқ-дәрі және 286 арнайы құрал тәркіленді. Сонымен қатар 65 дана қару ерікті түрде тапсырылды, - деді Санжар Әділов.
 

Все новости