00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Шу қаласында бір топ жігіт бойжеткенді шырылдатып алып қашты (ВИДЕО)

24.02.2023 | 23:28
Елорда ақпарат
66

Қыз шырылдап, қарсылық білдіреді әрі адамдарды көмекке шақырады. Жазбаға пікір білдірушілер оқиға Жамбыл облысы Шу қаласының теміржол вокзалында болғанын айтты.

Бұл оқиғаға қатысты Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері пікір білдірді.

Жігіт пен қыз оқиғаның мән-жайын анықтау және түсініктеме алу үшін аудандық полиция бөліміне шақырылды. Олар бірге жұмыс істейтінін және шамамен алты айға жуық уақыт кездескенін айтты. Қыз оқиғаны видеоға түсірген, өйткені ол Шуға тек жігіттің ата-анасымен танысуға барған. Ал жігіті бірден той жасауға шешім шығарған, бірақ қыз оған дайын болмаған, - деді тәртіп сақшылары.

Десе де бойжеткен арыз жазудан бас тартқан екен.

Полицейлер болашақ күйеубала сүйіктісінің үйіне барып, ата-анасымен танысып, салт-дәстүрге келісімін алады деп отыр.

Все новости