00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Банктен хабарласқанда анам шырылдап қарыз сұрап кетеді»: құмар ойын ойнап, былыққа батқандар көп

24.02.2023 | 23:02
Елорда ақпарат
124

Менің басымнан өтті, жолдасым он жыл бойы ойнады, үйде күнде айқай-төбелес, ақыры ажырасамын деп шештім. Өзіміз квартирада жүрміз үй аламыз деп, мен тиындап жинап жүрмін. Ал мынаның жасап жүргені осы. Соңында кредит алып кеткен. Қазір ішпей-жемей 116 мың теңге кредит төлеп отырмыз. Кейде күйініп өлгім келіп кетеді, - деп жазған оқырманның бірі.

Анонимді хат қалдырғандардың енді бірі айналасында өздері куә болған жайттарды бөлісіпті. Солардың бірі:

Тап кеше құрбымның күйеуі үй аламыз деп отырған 7 млн ақшаны ставкаға салып жіберген. Жақында ғана тұрмысқа шыққан еді. Ол ақша – бұрынғы үйінің ақшасы еді, соны сатып жаңасын аламыз деп отырған. Құрбым өзі шокта, артқа қайтар жол жоқ деп, 7 млн кредит алып, айына 400 мыңға кіріп кетіпті үйді алу үшін, - дейді.

Өкініштісі, кейбір лудомандар былыққа шыдамай, бұл дүниемен қош айтысып та жатады.

Бұл ойынды естісем, жүрегім ауырады. Менің жақын туысым қайтыс болды жеңе алмай. Ақша салды, ақыры асылып қалды. Мен «біз біргеміз, саған көмектесейік» дедім, «әпкетай, енді кеш» деп жазып жіберді, содан 1 апта өтіп, асылып қалды, - дейді оқырман.

Байқағанымыз, бәс тігетіндердің басым көпшілігі ерлер болғанымен, ең соңында соның азабы мен зияны жанындағы жұбайына, үйіндегі анасы мен қарындасына тиіп жатады.

Бәрін сатсақ та, сонда да қарызы азаймады. Ажырасайын десем, кредиттері бастан асады, күйеуім кредиттерді екіге бөлеміз деді. Қорықтым ажырасуға. Бір айлыққа бәрін қалай төлеймін, қасымда үш балам бар. Кетіп қалып, бөлек тұрдым балаларыммен квартира жалдап. Соңында ол уксус ішті, больницаға түсті, аядым, қайта қосылдық, - дейді оқырманның бірі.

Енді бір оқырман өзінің ағасының жағдайын баяндап:

Менің туған ағам әлі үйленбеген, ойын ойнайды, микрокредиті бар, жай кредиті бар, барлық банкте черный списокта тұр. Оны анам пол жуып төлейді. Банктен звондағанда анам шырылдап қарыз сұрап кетеді сол ағамның былығын жабамын деп, - деген екен.

Кейбіреулері әлі де ойнап жүргенін, шырмауықтан қалай шығарын білмей дал болып жүргенін жазыпты.

Аға, мен де ойынға кіріп кеттім. Микрокредиті бар, Каспийі бар, бәрінен кредит алып, қазір 3 жарым млн кредитім бар. Тоқтай алмай қалдым. Қанша ұтылсам да тоқтай алмаймын. Шаршап кеттім қатты. Өз-өзіме қол жұмсағым келеді, - дейді бір оқырман.

Арасында ойынның торынан босап, адам қатарына қосылғандар да бар. Бірақ сол қателіктің жазасын әлі күнге өтеп келеді.

Мұнайшымын. Екі жарым жылда 12 млн салып жібердім. Жасым 26-да. Асылып өлуге сәл қалдым. Қазір қойдым. Мамам, апа-жездем, келіншегім көмектесіп, енді-енді адам болып келе жатырмын. Әйеліммен бірге айына 450 мың төлейміз. Энергиямның бәрі сол бәлеге кетті, - деп бөліседі оқырман.

Бүгінде елімізде құмар ойын өршіп тұр. Әсіресе, пандемия кезінде лудомандар қатары 6 есеге өскен. Сол жылы (2020 жылы) ойын бизнесінің айналымы 78,6 млрд теңгені құраған. Ойынқұмар өңірлердің антирейтингінде Алматы қаласы, Алматы облысы және Нұр-Сұлтан тұр.

Все новости