00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Астанадағы автобустарды дезинфекциялауға күніне 2,8 тонна ерітінді жұмсалады

24.02.2023 | 22:39
Елорда ақпарат
72

Күн сайын ауысым аяқталғаннан кейін елорданың қоғамдық көлігін жуумен бірге, толық дезинфекциялау жүргізіледі. Тұтқалар мен орындықтар, есіктер, валидаторлар және жолаушылар ұстайтын жерлер мұқият өңделеді. Айта кету керек, автобустарды санитарлық өңдеу үшін күн сайын 2800 литр дезерітінді қолданылады, – деді компаниядан.

Сондай-ақ Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушылардың автобустарда бетперде тағуын күнделікті тексеруді жалғастыруда.

Өкінішке қарай, бетперде тағудан бас тартатын жолаушылар да бар. Қоғамдық көлікте бетперде тағу қажеттігін ұмытпауға шақырамыз, – деді City Transportation Systems өкілдері.

Все новости