00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қаңтардағы қырғын туралы деректі фильм шықты

24.02.2023 | 22:37
Елорда ақпарат
81

«Хабар» агенттігі түсірген деректі фильмде елде болған жаппай тәртіпсіздіктердің хронологиясы баяндалады.

20 минутқа созылатын фильмнің авторы – «Хабар» агенттігінің тілшісі Айгүл Әділова. Оның айтуынша, деректі фильмді дайындауға 1 апта уақыт жұмсалған және 7 маман еңбек еткен.

Қаңтар оқиғасы қазақстандықтар үшін күтпеген жағдай болды. Және оқыс оқиға елмен қатар бүкіл әлем назарын өзіне аудартты. Деректі фильмді түсірудегі мақсатымыз – қаңтар оқиғасының қалай болғанын тізбектеп көрсету. Яғни 1 қаңтарда Жаңаөзендегі бейбіт шеруден бастап жаппай тәртіпсіздіктердің хронологиясы ұсынылады. Сондай-ақ фильм арқылы халықтың ауызбіршілігі мен тұтастығын дәріптейміз. Себебі дер кезінде бірлікке келмегенде оның соңы немен аяқталатынын ешкім білмес еді. Әрине, одан бөлек Мемлекет басшысының шұғыл әрі сенімді шешімдері де арқау болды, – деді «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин.

Оның айтуынша, еліміз үшін қаңтар оқиғасы үлкен сабақ және оны терең зерттеп, талдау жасау керек.

Деректі фильмді көрермендер бүгін «Хабар» агенттігінен кешкі сағат 20:30-да көре алады.

Все новости