00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

ІІМ өңірлік өзіндік қауіпсіздік бөлімшелерінің сенім телефондарын еске салды

24.02.2023 | 22:29
Елорда ақпарат
112

Тек қана өткен аптада 17-23 қаңтар аралығында 544, оның ішінде консультативтік-анықтамалық сипаттағы 448 хабарлама келіп түсіп, олардың әрқайсысына түсініктемелер, ұсынымдар, сондай-ақ, қалыптасқан мән-жайларды шешу бойынша бағыт-бағдар берілді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне төмендегі бағыттар бойынша шағымдар келіп түсті:

– азаматтарды заңсыз ұстаудың және жеткізудің 46 фактісі (туыс-туғандарын іздеу бойынша 18 өтініш). Әрбір арыз иесіне ұстау себептері, бұзушылықтың мәні мен олармен байланыс жасай алатын ұстау орындары түсіндірілуде.

– азаматтардың ұялы телефондарын заңсыз қараудың 28 фактісі. Көрсетілген барлық телефондар Қазақстан Республикасы ҚК-нің 255 (терроризм актісі), 269 (ғимараттар мен құрылыстарға шабуыл жасау), 272 (жаппай тәртіпсіздік) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер шеңберінде тәркіленді.

Өтініш жасағандарға санкцияланған тексеруден кейін олардың мүлкі қайтарылатыны хабарланды. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша қызметтік тергеулер жүргізілуде. ІІМ біздің азаматтарға қатысты күш қолдану фактілеріне қатты ден қояды. Әрбір факт бейнекамераларды, оның ішінде полиция ғимараттары мен қоғамдық орындарда орнатылған бейнекамераларды талдай отырып, мұқият зерделенеді.

Атап айтқанда, 27 хабарлама бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 146-бабы (азаптаулар) бойынша 7 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, 20-сы бойынша қызметтік тергеулер жүргізілуде. ӨҚД-де “ІІМ сенім телефонына” келіп түскен хабарламаларды қараудың барынша мерзімі” 3-6 сағаттан аспайтыны хабарланды. Тексеру үшін уақытты талап ететін кейбір мәселелер бойынша азаматтарға тіркеумен қабылданған бірінші кезектегі шаралар, сондай-ақ, хабарламаны тексеру нәтижелері туралы хабарлаудың ағымдағы мерзімдері айтылады.

Жалпы, ІІМ «сенім телефоны» жұмысының негізгі мақсаты келіп түскен барлық хабарламаларға, оның ішінде полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы хабарламаларға дереу ден қоюды қамтамасыз ету арқылы азаматтардың сенім деңгейін қолдау болып табылады. Осыған байланысты жыл сайын ІІМ «сенім телефонына» азаматтардың өтініштер саны өсуде.

Сонымен, егер 2020 жылы 6 785 хабарлама пысықталса, 2021 жылы – 13 110.

Бұған ӨҚД мен оның аумақтық бөліністері жүргізіп жатқан белсенді ақпараттық жұмыс, оның ішінде әрбір полиция пункттерінің, учаскелік полиция пункттерінің, азаматтарды уақытша ұстау орындарының және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қолжетімді орындарында баннерлерді орналастыру арқылы белсенді ақпараттық жұмыс ықпал етуде. Осы мақсаттарда полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерінің барлық фактілері бойынша азаматтардың “14-02” ІІМ ӨҚД-нің тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонына, 8 (7172) 71-41-09 телефонына, Министрдің блогына, фронт-офистерге, сондай-ақ, аумақтық өзіндік қауіпсіздік бөліністеріне өтініш жасай алатынын назарларыңызға саламыз: 

Нұр-Сұлтан қаласы ПД ӨҚБ – 8-702-127-98-18;

Алматы қаласы ПД ӨҚБ – 8-707-927-67-69;

Шымкент қаласы ПД ӨҚБ – 8 (7252) 21-43-23;

Ақмола облысы ПД ӨҚБ – 8 (7162) 25-03-60;

Алматы облысы ПД ӨҚБ – 8 (7282) 60-81-58;

Ақтөбе облысы ПД ӨҚБ – 8 (7132) 52-16-91;

Атырау облысы ПД ӨҚБ – 8 (7122) 25-10-38;

Шығыс Қазақстан облысы ПД ӨҚБ – 8 (7232) 23-43-32;

Жамбыл облысы ПД ӨҚБ – 8 (7262) 45-43-39, 8-701-072-70-00;

Батыс Қазақстан облысы ПД ӨҚБ – 8 (7112) 98-45-68, 98-42-75, 98-40-44, 8-707-290-28-84;

Қарағанды облысы ПД ӨҚБ – 8 (7212) 42-93-39;

Қостанай облысы ПД ӨҚБ – 8-707-715-44-24;

Қызылорда облысы ПД ӨҚБ – 8 (7242) 27-28-74, 8-747-182-51-43;

Маңғыстау облысы ПД ӨҚБ – 8 (7292) 47-52-69;

Павлодар облысы ПД ӨҚБ – (7182) 32-28-22;

Солтүстік Қазақстан облысы ПД ӨҚБ – 8 (7152) 61-26-89, 8-700-161-26-89;

Түркістан облысы ПД ӨҚБ – 8-701-121-93-35;

Көліктегі ПД ӨҚБ – 8 (7172) 94-23-20, 8-707-294-23-20.
 

Все новости