00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Барлық адаммен диалог жүргіземіз»: «Самұрық-Қазына» басшысы жазба жариялады

24.02.2023 | 22:25
Елорда ақпарат
103

Бүгін ел басшылығының саяси тілегі арқасында «Самұрық-Қазына» қорында қоғамда белсенді талқыланып жатқан реформаларды жүзеге асырудың бірегей мүмкіндігі пайда болды. Біз реформалау бағдарламасы жобасына сындарлы ұсыныстарын бөлісуге дайын барлық адаммен диалог жүргіземіз, - деп жазды Алмасадам Сәтқалиев.

Оның айтуынша, жақын арада бұл жоспарлар ашық дереккөздерде және корпоративтік сайтта жарияланады. Сондай-ақ ол компания барлық сұраққа жауап беруге дайын екенін жазды. Яғни, ашықтық пен есептілік, бизнес үшін кедергілерді жою, әлеуметтік жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес базалық қағидаттар ретінде айқындалмақ.

Оқи отырыңыз: Тоқаев: “Самұрық-Қазына” реформалау міндетін жасай алмаса, жойылады

Алмасадам Сәтқалиев ел экономикасындағы түйінді проблемаларды шешу мақсатында бизнес-процестерді және қор компаниялары тобындағы корпоративтік басқару практикасын реформалауға, мұнай, газ, көмір, темір жол көлігі, электр энергетикасы және телекоммуникация нарықтарындағы өзара қарым-қатынастар құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар теңдессіз шараны ұсынатынын мәлімдеді.

Тағы оқи отырыңыз: Әлихан Смайлов “Самұрық-Қазына” АҚ реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Біз сатып алу жүйесін түбегейлі қайта қарап, отандық тауар өндірушілер мен шағын және орта бизнесті қолдау тетіктерін күшейтуге ниеттіміз. Бұл мәселелер бизнес-қоғамдастықпен 26 қаңтар, сәрсенбіде әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция арқылы ашық диалог форматында талқыланады. Бағдарлама бекітілген жағдайда, мен оның табысты енгізілуін және орындалуын қамтамасыз етуге дайынмын. Сізден корпоративтік мекенжайымызға ұсыныстарды күтеміз – usynys@sk.kz, – деп жазды акционерлік қоғамның басшысы.

 

Все новости