00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстандық оқушылар III тоқсанда қалай оқиды

24.02.2023 | 21:54
Елорда ақпарат
80

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, III тоқсан 18 наурызға дейін жалғасады. Оқу әртүрлі форматта болады. Республикалық маңызы бар үш қаланың оқушылары әзірше онлайн режимде білім алады.

Біздің министрліктің ұстанымы мектеп оқушыларының дәстүрлі форматта оқығаны және сол үшін де бар жағдайды жасайды. Дегенмен эпиджағдайдың күрделене түсуіне байланысты еліміздің 3 қаласында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте оқушылар қашықтан, янғи онлайн форматта оқитын болады. Қазіргі уақытта мектептерді техникалық тұрғыдан қамту жұмысы аяқталып жатыр. 1-2 сынып оқушылары олардың жас ерекшелігін ескере отырып сабақты мектепке келіп оқиды. 3-5 сынып оқушылары кезекші топ форматында білім алады. Ал қалған сыныптар қашықтан оқуға көшуі тиіс. Сондай-ақ, мектепте 600 оқушыдан аз болса, ол мектепке дәстүрлі форматта білім беруге рұқсат, – деді Гүлшмира Каримова ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

 

Все новости