00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

#Күшімізбірлікте: Суреттегі жауынгер кім

24.02.2023 | 21:44
Елорда ақпарат
110

Осы суреттегі жігіт  – Ұлттық ұланның жауынгері екен. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6698 әскери бөлімінде қызмет ететін ефрейтор Шахрух Хасанов қаңтардың 4-і күні дабыл белгісімен қызметке келгенін айтады. Олар Шымкент қалалық әкімдіктің маңына қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіне шыққан.

​Әйгілі сурет 7 қаңтарда түсірілген екен. Әкімдік алдындағы алаңда қызмет атқарып тұрған жауынгерге бір кішкентай балақай жүгіріп келіп, сәлем беріпті. Жауынгер де баланың қолын қайтармай, сәлемін алып, басынан сипап, әкесіне қарай жіберген. Әкесінің айтуы бойынша неше күн үйде қамалып отырған бала әбден зерігіп, далаға серуенге шыққанына қатты қуанған. Ал осы сәтті сол маңайда түсірілім жасап жүрген «OTYRAR TV» журналистері түсіріп алған, - деп жазды Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің Facebook парақшасында.

Ефрейтор Шахрух Хасановтың Ұлттық ұланда қызмет етіп жатқанына 10 жыл болыпты. Үйленген, екі ұлы бар. Ұлдары да әке жолын қуып, әскери боламыз дейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Все новости