00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Тәуелсіздік тағдыры үшін барлық әрекетке дайынбыз – Роза Мұқанова

24.02.2023 | 21:18
Елорда ақпарат
89

Бізге бейбітшілік қымбат! Тәуелсіз елдің болашағы қымбат! Әр қазақстандықтың өмірі қымбат! Біз халқы үшін от жалынға оранып тұрған президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр қадамын қолдаймыз, - деп жазды жазушы Роза Мұқанова facebook-парақшасында.

Президент халыққа қарсы қару қолданған бүлікшілер тобын ауыздықтау үшін барлық қадамдарға барды. Қажет болған жағдайда Тәуелсіз елдің тағдыры үшін барлық әрекетке дайынбыз. Алаңда әскерилердің басы кесіліп, домалап жатқанда үйде отырып күпінбеңдер, бауырлар. Фейк жамылып, халықты айдап салушылар құдайдан қорқыңдар! - деді ол.

Ал Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын Ақберен Елгезек елде түсімізге де кірмеген жағдай болғанын, қазір бос сөз сапырып, саясат соғатын кез емес екенін айтады.

Қай-қайсымыз әр жаққа тартпай, барлық құзыретті қолына алған Президенттің қасына топтасуымыз керек! Жаудың нысаны – қасиетті тәуелсіздігіміз. Сырттан кіріп кеткен террористердің мақсаты қоғамда үрей тудырып, байрағымызды жығып, аяққа таптау. Тәуелсіздіктен айырылсақ, ештеңе де керек болмай қалады. Бір болайық, ағайын! - деп жазды Ақберен Елгезек.

 

Все новости