00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Төтенше жағдай кезінде қала тіршілігі қандай болмақ

24.02.2023 | 21:09
Елорда ақпарат
51

Бизнес субъектілері (сауда нысандары мен базарлар, дүкендер, дәріханалар және т.б.) төтенше жағдай кезінде қызметкерлерінің қауіпсіздігі, тауарлардың ұрланбауы және тәртіпсіздікті болдырмау үшін қосымша шаралар қабылдауы қажет.

Үш ауысымда жұмыс істейтіндер және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тасымалдайтын мекемелерден басқа кәсіпкерлер коменданттық сағатқа дейін азық-түлік, шикізат, басқа да тауарларды тоқтаусыз жеткізуі тиіс.

Коменданттық сағат кезінде жұмыс істеуге рұқсат берілген мекемелердің көлік жүргізушілері (қызметкер немесе жүргізуші) жеке басын куәландыратын құжат немесе төлқұжатын өзімен бірге алып жүруі қажет, көлік құралына арнайы рұқсатнама, ал тауарларға қатысты: тауардың жөнелтілу және жеткізілу мекен жайы көрсетілген түпнұсқадағы рұқсат қағазы болуы тиіс.

ТЖ кезінде үш ауысымда жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс орны бекіткен түпнұсқадағы құжаты (жұмыс орнынан анықтама, т.б.) болуы қажет. Құжатта көрсетілген мекеме мен баратын жердің мекен жайы, сондай-ақ жұмыс орны туралы мәліметтер сәйкес келуі керек.

Үш ауысымда жұмыс істейтін бизнес субъектілері қызметкерлерін арнайы бекітілген көлікпен тасымалдауы тиіс.  

Коменданттық сағат кезінде әлеуметтік нысандар: коммуналдық және авариялық қызмет, энергетика қызметі, коммуналдық шаруашылық, газ қызметі штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл мекемелердің жұмыс кестесі – тәулік бойы.

Апаттық жағдай болғанда мамандар жұмысшыларға мекеменің ережесіне сәйкес хабарлайды. Жөндеу жұмыстары мекеменің ішкі ережесіне сай жүргізіледі.  

Оған қоса жауапты адамдардың кезекшілігі енгізілді. Ол үшін энергетика қызметі, коммуналдық шаруашылық және газ қызметі мекемелері Нұр-Сұлтан қаласы Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасына төтенше жағдай кезінде бекітілген кезекшілік кестесін және телефон номерлерімен қоса жауапты адамдардың тізімі берілуі керек.   

Бұл шаралардың барлығы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр. Осы орайда елорда тұрғындары уайымға салынбай, арандату әрекеттеріне жол бермеу үшін қаланың комменданты жариялаған ережелерін сақтауымыз керек. Сондай-ақ елордамызда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін карантиндік шараларды қатаң сақтауды ұмытпаған жөн.

Все новости