00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

ІІМ көлік жүргізушілерге ескерту жасады

24.02.2023 | 21:01
Елорда ақпарат
86

Polisia.kz сайтының мәліметінше, қысқы уақыт жол қозғалысының әрбір қатысушысынан ерекше сақтықты және мұқияттылықты талап етеді.

Климаттық өзгерістерге, көлік ағынының ұлғаюына, көлік ішінен нашар көріну мен күн сәулесінің жетіспеуіне байланысты жолдарда қауіп бірнеше есе артады.

ІІМ қысқы жолмен жүру кезінде мынадай талаптарды еске салады: қашықтықты, бүйірлік аралықты, жылдамдық режимін қатаң сақтау, сондай-ақ, кенеттен тежеуге жол бермеу қажет.

Ауа райына қатысты және ауа райының нашарлауы мен жолдарды жабу жайлы ақпараттарды ескеру керек.

Анықтама: ауа райының қолайсыздығына байланысты қысқы кезеңнің басында жол-көлік оқиғаларының саны күрт өсті. Өткен тәулікте елімізде 24 ЖКО тіркелген, онда екі адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды.

Все новости