Қазақстанда онлайн-кредит беру тәртібі өзгере ме
![](/img/articles/uploads/61cc467f08d75149310528_e051a92e85.jpeg)
Статистикаға сәйкес, биыл интернет алаяқтық бойынша қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 17,8 мыңнан асып кетті. 25 мың адам барлығы 8,2 миллиард теңгеге алданды.
"Осыдан 7 ай бұрын онлайн кредит берумен байланысты алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін көтеріп, арнайы депутаттық сауал мен нақты іс-шаралар тізбегін ұсынған едік. Оның ішінде клиенттің биометриялық ерекшеліктерін сәйкестендіру процедураларын күшейтуді, нақты уақыт режимінде кескінді тексеру және растауды, екі сатылы аутентификацияны енгізуді агенттікке ұсындық", - деді депутат Елнұр Бейсенбаев мәжілістің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, агенттік осы саладағы жұмысты әлі күнге дейін бір жолға қоймаған. Себебі азаматтардың жеке деректерін пайдалану арқылы онлайн кредитті заңсыз рәсімдеу оқиғалары азаймай отыр.
"Жуырда ғана елорда тұрғыны өзге адамдардың жеке құжаттарын пайдалану арқылы Алматы, Атырау, Нұр-Сұлтан қалаларының азаматтарына, олардың қатысуынсыз 10 миллион теңге онлайн-кредит рәсімдеген. Одан бөлек, алматылық жас жігіт Kcell телефон операторының тұтынушылары атынан 2 миллионнан астам теңгеге 5 смартфонды онлайн рәсімдеген. Бұл екі мысалдың сорақылығы, мүдделі азаматтың қатысуынсыз, яғни оның жеке деректерін пайдалану арқылы рәсімделіп отыр", - деп атап өтті депутат.
Осы орайда ол 2019 жылдан бастап SIM картаның ЖСН нөмірі арқылы тіркеуге алынатынын еске салды. Соған қарамастан, алаяқтар өзге нөмірді қолдану арқылы арам ойын оп-оңай іске асырып жатады.
"Жоғарыдағы көрсетілген нақты мысалдар жеке тұлғаны сәйкестендіру рәсімін реттеу жүйелері толық пысықталмағанын көрсетіп тұр. Осы орайда жауапты мемлекеттік органдарға клиентті анықтауды күшейту бойынша онлайн кредит беру рәсімдеріне қосымша ұсыныстар енгізуді сұраймыз", - деді Бейсенбаев.
Депутаттық сауалда қосымша ұсыныстар көрсетілді. Олар:
- онлайн кредитті рәсімдеу барысында жеке деректер мен телефон нөмірін оператор желісімен идентификация жасау;
- тез арада барлық микроқаржылық ұйымның "Сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының" ақпаратымен идентификация жасауды ұйымдастыру;
- бас прокуратура мен тиісті құқық қорғау органдары тарапынан интернет-алаяқтықты жою бойынша жедел әрекет ету қадамдарын ұйымдастыру.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)