00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Түркістанда 32 азамат кәсіп бастауға арналған мемлекеттік грант ұтып алды

24.02.2023 | 19:45
Елорда ақпарат
96

Кәсіпорын директоры – Мөлдір Қайсарқызы. Сүт өнімдерін кәсіпке айналдырамын деген арманын жүзеге асыруды ойлап жүргеніне көп болған-ды. "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру жобасына өз жобасын ұсынды. Тиісті қорғау жұмыстарынан соң бизнес-идеясы қолдау тауып, 5 миллион теңге мемлекеттік грантқа ие болды. Қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, негізгі жұмыстарға кірісіп кетті. Бүгінде аталған ағарған цехынан шыққан өнімдер Кентау қаласынан бөлек, облыс орталығы Түркістан қаласындағы дүкен сөрелерінде де тұр.

"Кәсіп бастап, бизнес саласында өзімді байқап көру ісі ойымда бұрыннан жүретін. Алайда, артық қаржының жоқтығы арманымды алыстата беретін. Енді, міне, бір кездері қол жетпеспей көрінген арман-мақсатымның қожайынымын. Бір емес бірнеше адамға жұмыс берушіге айналдым. Олардың отбасын асырап, жағдайын жақсартуына аз да болса септігімді тигізіп, себепші болып жүргеніме қуаныштымын. Әрі өз отбасымның жағдайы да жақсарып келеді. Мемлекетке де тиісті салығымды төлеп, жан-жақты пайдалы бола түсудемін", - дейді "Дарын" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы.

Түркістан облысында Мөлдір Жүніс секілді мемлекеттік қолдауға ие болып, қайтарымсыз грант ұтып алған кәсіпкерлер баршылық. Жыл басынан бері өңірде 32 азамат мемлекеттік грантқа ие болған. Осы жылдың он айында қайтарымсыз қаражат үшін ел бюджетінен 148 миллион теңге бөлініп, түркістандық бизнесмендердің кәсібінің аяқтан тұрып кетуіне себеп болуда.

Мемлекеттік қолдауға ие болып, қаражатқа қарық болған жобалар көбінесе, жеңіл өнеркәсіп, онлайн оқыту, зияткерлікті дамыту орталықтары, құрылыс, ауыл шаруашылығы, туризм және қызмет көрсету, тамақ өнімдері, денсаулық сақтау, жиһаз өндірісі сынды түрлі салаларды қамтиды.

Жалпы, "Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасының грант мөлшері 2 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейінгі аралықта. Бағдарлама операторы – облыстардың, қалалардың кәсіпкерлік және туризм басқармасы. Қатысушылар грантқа әр қаланың әкімдігі немесе әкімдік ашқан сайт арқылы өтінім жібере алады. Бағдарламаға шағын кәсіп иесі, оның ішінде кәсібін енді бастаушылар мен жас бизнесмендер, әйелдер, мүгедектігі бар азаматтар, 50 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Бағдарлама шартына сай келетін әр кәсіпкер іріктеуге бір инновациялық бизнес-жоба ұсынуы керек. Бағдарламаның міндетті шарты – кәсіпкердің ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10% мөлшерінде оны жүзеге асыруға арналған шығынды бірлесіп қаржыландыруы. Бұл талап бойынша жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік те ескеріледі. Бірақ шарт халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін міндетті емес.

Все новости