00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бас мүфти «Қара жұма» атауын ауыстыруды ұсынды

24.02.2023 | 18:56
Елорда ақпарат
96

«Кейінгі жылдары жұртты жаппай саудаға тартудың әдісі ретінде қолданылып жүрген «қара жұма» сөзі қоғамда талқыға түсуде. Дініміз бен дәстүрімізде бар «жұма» сөзі қасиетті, қастерлі ұғымды білдіреді. Мен осы ретте еліміздегі сауда орталықтарының иелері мен барша кәсіпкер азаматтарды «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырамын. «Жомарт жұма» – жүрекке жылы тиетін, халқымыздың ұғымына да сай келетін сөз. Мұсылман қауымы үшін жұма қасиетті күн болғандықтан, «қара жұманы» «жомарт жұма» деп өзгертсек, бұл – ислам дінін ұстанатын халқымызға көрсетілген құрмет болмақ», - деп жазды Наурызбай қажы Тағанұлы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы осылайша ұйымдастырушыларға ой тастап, кәсіпкер азаматтар ізгі ниеттің нәтижесінде халықтың да алғысына бөленетініне сенім білдірді.

Все новости