00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

АҚШ-тан жеткен вакцина 5 жастан асқан балаларға да салынуы мүмкін

24.02.2023 | 18:04
Елорда ақпарат
55

Сонымен, Pfizer вакцинасы Алматыға бүгін жеткізіліп отыр. Дүйсенбіге дейін екпенің 380 мыңдай дозасын барлық аймаққа тарату жоспарланған. Препарат 12 мен 18 жас аралығындағы балаларға, жүктіліктің 16-37 аптасындағы жүкті әйелдер мен баласы 42 аптадан асқан емізулі аналарға салынады. Оны сақтау ерекшеліктері басқа вакциналарға қарағанда өзгеше. Сондықтан аймақтарға арнайы тоңазытқыштар жеткізілген. Олардың санын ай соңына дейін көбейтпек.

Дәл осы вакцина қазір АҚШ-та 5 жастан асқан балаларға салынып жатыр. Ал Қазақстанда оған рұқсат жоқ. Өйткені елде ресми тіркелген Pfizer-дің нұсқаулығында ол көрсетілмеген.

«Өндіруші біздің Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығынан тіркеуден өткізді. Онда 12 жастан асқан балаларға салуға рұқсат етілген. Қазір АҚШ өздерінде 5 жастан асқан балаларға салып жатыр. Өндіруші тарап алдағы уақытта жеткізетін партиясында бүлдіршіндерге де салуға болады деп көрсетсе, біз де сол нұсқаулыққа сай жұмыс істейміз», - дейді ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова.

Все новости