00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Биыл өндірістегі жазатайым оқиғалардан 163 адам қайтыс болды

24.02.2023 | 18:03
Елорда ақпарат
72

Осылайша, өндірістік жарақаттану деңгейі 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға өсті (өткен жылдың 10 айында 1 169 адам зардап шекті). Бұл ретте өндірістік жарақаттанудан қайтыс болу жағдайлары 3,6%-ға төмендеді (2020 жылы осы кезеңде өндірісте 169 адам қайтыс болды).

Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі бұрынғыдай Қарағанды (211 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (153 адам), Ақтөбе (97 адам), Павлодар (96 адам), Қостанай (91 адам) облыстарында сақталуда.

Экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен-металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 203 адам (19,1%) және құрылыс саласында – 120 адам (11,3%) байқалады.

Все новости