00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада жат ағымдарға қатысты мәселелер талқыланды

24.02.2023 | 18:00
Елорда ақпарат
74

Іс-шара барысында сотталушылардың деструктивті идеологиясы және деструктивті діни ағымдардың қазақ халқының салт-дәстүрлеріне зияны туралы мәселелер талқыланды.

“Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Зайырлылық – бұл діндер мен діни бірлестіктерден бөліну, азаматтардың дінге көзқарасына қарамастан теңдігі, тұрғындардың дінді таңдау бостандығына құқығын қамтамасыз ету немесе одан бас тарту, діни оқу орындарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында кез келген діни ілімдерді насихаттауға жол бермеу, қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды діни догмалармен емес, елдің заңдарымен реттеу”, – деп модератор теолог Тойғылы Дінмұхаммед өз сөзінде айтып өтті.

Іс-шара барысында деструктивті діни ағымдардан сақтану қажеттілігі туралы департаменттің жеке құрамына айтылды. 

Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адамның физикалық және психикалық денсаулығына қауіп төндіреді. Деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың қандай іс-әрекеттер жасап жатқаны туралы Қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық құндылықтарын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын теріске шығару, зайырлы мемлекеттерге деген агрессивті көзқарас, зайырлы өмір салты, мемлекеттік мерекелер мен мемлекеттік рәміздерге құрметсіздік таныту мәселелерін Діндерді зерттеу орталығының теологтары айтып өтті.

Все новости