00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

ІІМ жүргізушілерге ескерту жасады

24.02.2023 | 17:30
Елорда ақпарат
60

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ел аумағында салқындау, желдің күшеюі, тұман және жауын-шашын күтіледі. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Ал ол тежеу жолының ұлғаюына әкеп соғады.

Сол себепті, ІІМ-нің аумақтық департаменттеріне ауа райының өзгеруін бақылауды ұйымдастыру тапсырылды. Күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен көлік жүргізу әлдеқайда қауіпті болады. Жылдың осы уақытында өте мұқият болу керек. Жылдамдық режимін, сондай-ақ автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау маңызды. Бұл жолдағы күтпеген апаттың алдын алуға көмектеседі.

ІІМ жолдардағы қауіпсіздік үшін ауа райын ескеріп, қажет болған жағдайда көліктің басқа түрін пайдалана отырып, автокөлікпен ұзақ сапарларды алдын ала жоспарлауға шақырады.

Все новости