ЖОО рейтингтері сапа стандарттарына сай емес – сарапшы
![](/img/articles/uploads/6177e84da3ae8107581209_143eacb512.jpeg)
«Қазақстан студенттер альянсы» өткізетін рейтингті ерекше атап өткім келеді. Ол білім алушылардың сауалнамасының негізінде жасалады және сол арқылы әлеуметтік желілерде өздерін белсенді түрде жарнамалап жүр. Аталған рейтингті дайындаушылар екінші жыл қатарынан Қазақстанның үздік және нашар ЖОО-лары бойынша тізімді жариялайды. Олардың 2020 жылғы рейтингінде көрсетілген бірде-бір үздік университет 2021 жылғы үздік жоғары оқу орындарының қатарына кірмегені, ал 2020 жылғы ең нашар 10 университеттің қатарында болған Нархоз университеті 2021 жылғы үздік ЖОО-лар қатарына кіргені есте қаларлық жайт. Егер үздіктер тізімі жыл сайын өзгеріп отырса және оған академиялық жетістіктері туралы ешкім естімеген университеттер кіре алатын болса қазақстандық академиялық рейтингтер туралы пікір қандай болуы мүмкін? Сонымен қатар Қазақстан студенттері альянсының рейтингі мемлекет қаржысына жасалады. Сауалнама жүргізілген жобаға Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 20 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген», - деді Академиялық адалдық лигасының сарапшысы Яков Воронков.
Олжас Ордабаевтың айтуынша, нәтижеде көрсетілген мұндай үлкен айырмашылық рейтинг әдістемесінде айтарлықтай кемшіліктердің бар екенін аңғартады.
«Әдетте, нәтижелердің осыншалықты әртүрлі болуы рейтинг әдістемесінің өзгергенін көрсетеді. Яғни ақпараттар өзгерді және бәрі түзетілді. Бұл – әзірлеушілер әлі де дұрыс әдістемені іздеп жүр деген сөз. Себебі, егер әдістеме қалыптасқан болса, ол айтарлықтай өзгермейді, өйткені өзгертудің өзінің белгілі бір негіздемесі бар. Мұны тек осылай объективті тұрғыда түсіндіруге болады» - деді ол.
Шара барысында Академиялық адалдық лигасының өкілі Яков Воронков жоғары оқу орындарының кез келген академиялық рейтингісінің бес негізгі мақсаты қандай болуы керек екенін ұсынды:
1. Талапкерлерді және өзге де мүдделі тұлғаларды (жұмыс берушілер, орталық мемлекеттік органдар және т. б.) хабардар ету;
2. Жоғары оқу орындарына ұйымның жұмысын жақсартуға мүмкіндік беретін деректерді ұсыну;
3. Зерттеушілерге деректерді ұсыну;
4. ЖОО қызметін әдістемеде белгіленген параметрлер бойынша кешенді бағалау;
5. Азаматтық қоғам алдындағы есептілік.
Оның пікірінше, қазіргі уақытта білім беру бағдарламаларының бір ғана рейтингі жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жауап береді. Бұл – жыл сайын ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жасайтын рейтинг. Олар әрбір ЖОО-ның қызметін «мансаптық перспективалар», «білім беру бағдарламасының сапасы» және «білім алушылардың жетістіктері» сияқты әдістемеде жазылған параметрлер бойынша бағалайды. Ол кешенді түрде жасалатынын дәлелдейді. Белгіленген индикаторлар бойынша негізгі көрсеткіштер ресми сайтта atameken.kz ашық жарияланады, ал әдістеме жыл сайын жоғары оқу орындарының, Академиялық адалдық лигасының және басқа да стейкхолдерлердің қатысуымен қайта қаралып, жақсарады.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)