Қазақстандықтардың 40 пайызға жуығы халық санағына онлайн қатысты
![](/img/articles/uploads/616d414f4f4ba853664697_03c435eeba.jpg)
«16 қазаннан бастап санақ сауалдарына онлайн режимде жауап беру функциясы тоқтатылды. 45 күн ішінде халқымыздың 40 процентке (39,6% немесе 7 527 458 адам) жуығы санақтан өтудің осы жолын таңдады. Ал біздің интервьюерлер 3 миллион 792 мыңнан аса адаммен сауалнама жүргізген. Осылайша, санақтан өткендер үлесі 60 процентке жетті», - деді бюро басшысы.
Онлайн санақтан өтпегендер қазанның 30-ына дейін үйлерді аралайтын интервьюерлердің көмегімен шараға қатыса алады.
Онлайн өткендер тиісті хабарламаны интервьюерлерге көрсетуі тиіс. Оларға сауалнама қайта жүргізілмейді.
Санақшыларда Халық санағының логотипі бедерленген көк түсті шарф пен сөмке, планшеті және санақ қызметкері екенін растайтын куәлігі болады.
Ол куәліктегі тіркеу нөмірі арқылы интервьюер туралы мәліметтерді sanaq.gov.kz сайтында тексеру мүмкіндігі бар. Одан бөлек, 1446 нөміріне хабарласуға болады. Байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.
«Халық санағы еліміз үшін аса маңызды шара. Сондықтан оған бір кісідей баршамыз жұмылып атсалысуымыз қажет. Интервьюерлер де ел азаматтары екенін ұмытпайық. Еңбегін бағалап, құрмет көрсетіп, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз», - деп атап өтті Нұрболат Айдапкелов.
Айта кетейік, санақтың негізгі кезеңі аяқталған соң, қарашаның 1-7 аралығында санақ өткізу әдістемесіне сәйкес, бақылау аралау қарастырылған. Бұл кезеңде шамамен 10 процент респондент қамтылады.
![1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды](/img/articles/c79215703475954866feda5853de8cdc.jpg)
![Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады](/img/articles/73544903837190594cedcdc1f4be018f.png)
![Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/4d3b5b5192db9b758463326f62efea1f.jpg)
![Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті](/img/articles/61262f719e8164f033c22f337548d6c1.jpg)
![Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті](/img/articles/49a9a9a9de3ceb9ccbacff57385966d4.jpg)
![Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді](/img/articles/1e52d85490758fd09502c4e41464847d.jpg)
![Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді](/img/articles/485e6c7017d5735551affc13dd5c6222.jpg)
![Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген](/img/articles/521dbbaeb8397d44fb2b4809220cd939.webp)
![Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды](/img/articles/668817804f9c22c624180ff5518b78ca.jpg)
![Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді](/img/articles/22dc3f2b94ec15ab0099df7b342f597d.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)