00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Депутат ЖОО-ларда отбасы құндылықтарын дәріптейтін арнайы пән енгізуді ұсынды

24.02.2023 | 16:04
Елорда ақпарат
112

Мәжілісмен қоғамдағы отбасылық құндылықтардың әлсіреуіне, оның ішінде некелесудің азайып, ажырасудың белең алып бара жатқандығына алаңдады.

Оның айтуынша, соңғы жылдары бұл мәселе жастар арасында қалыпты жағдайға айналып барады.

"Ықылым заманнан ұрпақ өрбітіп, көбеюді өсиет еткен салт-дәстүрімізді ұстануға не кедергі? Бәрін әлеуметтік жағдайға сілтей салу қисынды ма? Біздіңше, өте маңызды проблеманың төркіні – жастардың тәрбиесінде, қалыптасқан қоғамдық ортасында сияқты", - деді Мыңбай премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.

Ресми деректерге сүйенсек, елімізде 2015-2019 жылдар аралығында 274,5 мың отбасы ажырасқан. Бұл жалпы тіркелген некелермен салыстырғанда, ажырасу деңгейі 35%-тен 43%-ке дейін көтерілген.

"Демек, соңғы бес жылда орта есеппен күніне 389 неке тіркелсе, 150 отбасы ажырасқан", - дейді депутат.

Мысалы, 2019 жылы 120 мыңға жуық адам некесін бұзса, оның әрбір екіншісі, яғни 60 мыңнан астамы 18 бен 35 жасқа дейінгі жастар. Одан кейінгі басым бөлігі 30 пен 34 жас (23,3%) аралығындағылар.

"Ғаламдық індетке байланысты былтыр үйлену мен ажырасу төмендегенін ескергеннің өзінде, бұл жағдайға бей-жай қарауға болмайды. Өйткені бізге әрбір отбасының тағдыры қымбат", - деді мәжілісмен.

Осыған байланысты Мыңбай ажырасуды азайту үшін жоғары оқу орнында отбасы құндылықтарын дәріптейтін арнайы факультативті пән енгізуді ұсынды.

Все новости