Мәжілісте өлім жазасы туралы заң жобасы мақұлданды
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметовтің айтуынша, заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңның жобасын қарап шықты.
“Заң жобасы Қазақстан Республикасы 2021 жылғы 2 қаңтарда ратификациялаған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік хаттаманың 1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді. Заң жобасы ұлттық заңнаманы қабылданған халықаралық құқықтық міндеттемелерге сәйкес үндестіруге бағытталған. Қазақстан хаттаманы соғыс уақытында жасалған әскери сипаттағы аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп танылғаннан кейін соғыс уақытында өлім жазасын қолдану құқығын өзіне қалдырады деген ескертпемен ратификациялады”, - деді ол.
Сондай-ақ заң жобасын талқылау кезінде құқықтық актілер туралы заң талаптарына сәйкес заңнаманың түсіндіру аппаратында терминдердің қазақ және орыс тілдеріндегі жазылу тәртібіне қатысты редакциялық нақтылаушы сипаттағы түзету ұсынылды.
“Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді. Баяндалғанның негізінде комитет осы заң жобасын бірінші оқылымда Парламент Мәжілісі жалпы отырысының талқылауына енгізуге болады деп есептейді”, - деді Арман Қожахметов.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде комитет заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынды. Сонымен қатар депутаттар заң жобасына қолдау білдірді.
Похожие новости
05.07.2024 | 10:25
1-сыныпқа 270 мыңнан астам өтінім қабылданды
04.07.2024 | 15:23
Астана әуежайы жолаушыларға маңызды хабарлама жасады
04.07.2024 | 13:37
Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады
04.07.2024 | 10:43
Атырау облысында қарақұрт қаптап кетті
03.07.2024 | 11:34
Әуе компанияларының байланыс орталығы тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті
03.07.2024 | 10:01
Еңбек демалысын дұрыс жоспарлау: Маман ТОП-8 сұраққа жауап берді
02.07.2024 | 10:54
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы көбейеді
01.07.2024 | 20:07
Ақтауда балабақшалардың бірінде 12 балаға 4-ақ тәрелке тамақ беріліп келген
01.07.2024 | 16:37
Бүгін ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды
01.07.2024 | 10:45
Қырғызстанда қаза тапқан балалардың денелері Өскеменге арнайы бортпен жеткізілді
29.03.2024 | 15:17
«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?
29.03.2024 | 15:55
Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты
10.04.2023 | 14:30
Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады
06.04.2024 | 17:43
Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей
31.03.2023 | 17:40
2023 жылы Ораза қашан басталады
24.02.2023 | 16:36
«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін
24.08.2023 | 05:30
Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?
01.03.2024 | 05:38
«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?
28.03.2024 | 18:00
Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті
26.04.2024 | 09:44
Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы