00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

100 жастағы әжеге жаңа жеке куәлік табыс етілді

24.02.2023 | 15:54
Елорда ақпарат
79

Көші-қон қызметкерлері жаңа құжатты Мария Ахметованың үйіне апарды.

– Сізді 100 жасқа толуыңызға байланысты берілген жаңа куәлікпен құттықтағым келеді. Сізге ұзақ өмір, денсаулық, бақыт және амандық тілеймін, – деді Көші-қон қызметі басқармасының бөлім бастығы Жанна Жақыпбаева.  

– Мен ішкі істер органдарының жұмысына өте ризамын. Полиция қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін, – дейді Мария апа.

Мария Ахметова 13.03.1921 жылы Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген.

Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

1957 жылы Мәскеуде өнертану ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған бірінші қазақ әйелі.

Все новости