00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан қашықтан оқу уақыты ұзаққа созылған елдер қатарында тұр

24.02.2023 | 15:54
Елорда ақпарат
59

Ranking.kz мәліметіне сәйкес, Қазақстанда коронавирусқа байланысты шектеулер мектептерге Орталық Азия, ЕАЭО-ның басқа елдеріне, сондай-ақ, Еуропаның дамыған елдеріне қарағанда көбірек әсер етті.

Қазақстанда мектептер 11 ай 3 аптаға жабылды, соның ішінде 2,5 ай толық жабық болса, 8 ай 3 апта ішінара жабылды. Тиісінше, Қазақстанда қашықтан оқыту салдарынан инфрақұрылымға жүктеме басқа елдерге қарағанда айтарлықтай жоғары болды.

Мысалы, Қырғызстанда мектептердің жабылуы 6,5 айға, Ресей, Армения және Өзбекстанда шамамен 3 айға созылды. Тәжікстан, Түрікменстан немесе Беларусьта мектептер қашықтан оқытуға мүлдем көшкен жоқ, соған сәйкес мектептер де жабылмады.

Еуропа елдеріне келер болсақ, Польшада мектептер 10 ай 3 аптаға және Германияда 9,5 айға жабылды.

"Зерттеуге сәйкес, Қазақстанда инфрақұрылым, соның ішінде интернет қолжетімділігінің арқасында ұзақмерзімді қашықтан оқыту форматының сақталды", - делінген ақпаратта.

Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша елімізде интернет халықтың 98,3%-іне қолжетімді. Соның ішінде республикада басым бөлігі мобильді интернетті пайдаланады. Маусымның соңына қарай интернетке қолжетімділігі бар 16 миллион ұялы байланыс абоненті бар екенін белгілі болды – бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9%-ке көп.

Мектептер мен басқа да білім беру орындарының жабылуы әлем бойынша оқушылар мен студенттердің 94%-іне әсер етті. Сол кезде қашықтан оқытуды қамту деңгейіне қарай елдер арасында елеулі айырмашылық байқалды: табысы жоғары елдерде қашықтан оқыту бойынша оқушылардың шамамен 80%-85% қамтылды, ал табысы төмен елдерде бұл көрсеткіш 50%-тен төмен болды.

Все новости