00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

24.02.2023 | 15:51
Елорда ақпарат
81

Павлодар облысының тауар өндірушілері елордаға 550 тоннаға жуық өнім әкелген. Бағалары нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан. Оның ішінде ет және сүт өнімдері, көкөніс және жеміс-жидек бар. Жиналған халықтың қарасы көп.

«Мен бүгін жәрмеңкеге келіп, бірнеше күнге жететін азық-түлік сатып алдым. Маған ұнағаны бағалары қолжетімді екен. Сол себептен, ет пен көкөністі көбірек алуға тырыстым. Осындай жәрмеңкелердің өтіп тұратындығы қуантады», – дейді Салтанат есімді тұтынушы.

Айта кетейік, жәрмеңке осы сенбі және жексенбі, 9 және 10 қазан күндері таңғы сағат 9-дан басталып, кешкі сағат 18:00-ге дейін созылады.

Все новости