00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ел тұрғындары жеке куәлікті аларда саусақ ізін қолданады

24.02.2023 | 15:49
Елорда ақпарат
102

«Жоспарға сәйкес, 2023 жылы жеке басын куәландыратын құжатты алған кезде немесе оны ауыстырған кезде саусақ іздерін енгізу керек болады», – деп атап өтті  Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамет.

Оның айтуынша, Көші-қон қызметі жұмысының маңызды бағыты – ҚР-ның азаматтығын қабылдағысы келетін азаматтармен жұмыс істеп, олардың құжат тапсыру процесін барынша жеңілдету.

«Осы жылдың басынан бері қандастардың құжаттарын қабылдау мерзімі 2 есе қысқарды. Жеңілдетілген тіркеу процедурасы арқылы 225 жуық адам азаматтық алды. Заңды мәртебесі реттелмеген азаматтарды анықтау бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 45 адам ҚР азаматы деп танылып, құжаттарын алды», - дейді А. Баймұхамет.

 

 

Все новости