00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Елордада бір күнде 100-ден астам жол-көлік оқиғасы болды

24.02.2023 | 15:36
Елорда ақпарат
64

Полиция департаментінің мәліметінше, қалада таңғы 8-ден бастап 105 апат болған. Өткен тәулікте елордада 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Қарағанды ​​бағытындағы тас жолда көктайғақтан үш көлік апат болды. Полицияның хабарлауынша, 36 жастағы Мерсеdес жүргізушісі рөлді басқара алмай, Toyota, Chevrolet көліктерімен соқтығысқан. Инерциямен Toyota шұңқырға түсіп кеткен.

"Апат салдарынан Toyota көлігінің жолаушылары жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханадан шықты", - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерден жолда өте абай болуды және жылдамдықты шектеуді, қашықтық сақтауды сұрайды.

Все новости