00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Санақ кезінде үйге келген адамның интервьюер екенін қалай тануға болады

24.02.2023 | 15:22
Елорда ақпарат
109

Интервьюер қызметіне жауапты, коммуникацияға ашық, компьютерде жұмыс жасай алатын 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары тартылған. Сауалнама жүргізетін қызметкерлер жұмысында планшетті қолданатын болады.

Интервьюердің міндетіне еліміздің қалалары мен ауылдарындағы үй шаруашылықтарын жаппай аралау кіреді. Үйлерді аралау кезеңінде интервьюрерге арнайы куәлік, Ұлттық санақтың логотипі бейнеленген көк түсті шарф және сөмке берілетін болады.

«Куәлікте аумақтық статистика департаменті басшысының қолымен және мөрімен расталған интервьюердің фотосуреті, толық аты-жөні болады. Куәліктің жоғарғы бөлігінде тіркеу нөмірі көрсетіледі. Бұл нөмірді sanaq.gov.kz сайтында «Интервьюерді іздеу» жолағына енгізуге болады, содан кейін сайтта интервьюердің  деректері көрсетіледі. Сондай-ақ, интервьюердің жеке басын 1446 нөміріне қоңырау шалу арқылы да тексеруге болады», – дейді Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Все новости