00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарынан 1,5 трлн теңге пайдаланған

24.02.2023 | 15:13
Елорда ақпарат
83

Бұл мақсатқа жалпы көлемі 1 триллион теңгеден астам қаражат кеткен. Тағы 44 100 қазақстандық Отбасы банкіндегі заем бойынша қарыздарын өтеуге 118 миллиард теңге жаратса, өзге екінші деңгейлі банктерде 31 мың адамның 117 миллиард теңгеге ипотекалық қарызы төленген.

Ал 17 мыңға жуық азамат зейнетақы төлемдерін Отбасы банкінен несие алу үшін алғашқы жарна түрінде жұмсапты. Олардың 84 пайызы екінші нарықтан баспана алса, 16 пайызы бастапқы жарнаны құрылыс салушыларға төлеп, жаңа үйлерден баспана алуды жөн көрген. Тағы 29 793 адам жалпы көлемі 30 миллиард теңге зейнетақы жинақтарын емделу мақсатына жұмсаған.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолданған қазақстандықтардың орташа жасы – 41 десек, оның дені (68 пайызы) ер-азаматтар. Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау облысы мен Алматы қаласы – зейнетақы төлемдерін баспана алу үшін ең көп қолданған аймақтардың алғашқы үштігінде. Ал Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары БЗТ пайдалануға ең төмен қызығушылық танытқан.

«Қазақстанда отбасылық құндылықтар жақсы дамыған. Олар туыстарына көмектесу мүмкіндігін белсенді түрде пайдалануда. Статистика бойынша, 279 859 адамның 35 пайызы жинақтарын жартылай немесе толығымен туыстарынан алып, өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Тіпті туысқандардың аз ғана зейнетақы жинақтарының өзі отбасы ішінде біріктірілгенде, тұрғын үй сатып алуға немесе қолжетімді шарттармен несие алу үшін бастапқы жарна төлеуге мүмкіндік берді», - деді банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Еске сала кетсек, биылғы 27 қыркүйектен бастап Отбасы банк клиенттері интернет-банкингте және мобильді қосымшада БЗТ есебінен несиелерін толық немесе ішінара өтей алады. Бұрын бұл қызметті enpf-otbasy.kz платформасы арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі болғанмен, салымшы банк бөлімшесіне барып, төлем кестесін өзгертуге өтініш жазуы қажет болатын. Қазір бұл қызмет автоматтандырылған.

Все новости