00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

«Кедейшілік қылмысқа итермелейді» - Расул Рысмамбетов

24.02.2023 | 14:51
Елорда ақпарат
103

Мұндай жағдайлар елдегі тәртіпсіздіктен бе, жоқ әлде бұған әлеуметтік-экономикалық саланың ықпалы бар ма немесе қазір өткеріп отырған пандемияның кері әсері ме? Әрине құқық бұзушылық болған жерде оған белгілі бір факторлардың ықпал етері сөзсіз. Осы жөнінде біз қоғам белсендісінен, экономист-сарапшыдан және Ішкі істер министрлігінен пікір мен дәйек сұрап көрген едік.

Белгілі экономист Расул Рысмамбетовтің айтуынша, елдегі құқық бұзушылықтың көбеюіне бағаның қымбаттауы, жұмыссыздық және адамның психикасы ықпал етеді екен.

«Өмір сүру деңгейі төмендесе, онда қоғамнан кішігірім құқық бұзушылықтардың өсімін күтуге болады. Әрине оны қауіпті емес деуге келмейді. Ол дегеніміз – әлсіз адамға шабуыл жасау, көшедегі бұзақылық, ұрлық және қарақшылық. Ұрлық күш көрсетумен жасалса, қарақшылық қару қолдану арқылы болады. Адамның өмірі неғұрлым нашар болса, соғұрлым қылмысқа барады. Біріншіден, қылмысқа бару немесе бармау әр адамның болмысына байланысты. Бірі жақсы өмірді қаласа, енді бірі жай ғана өмір сүргісі келеді. Отбасын асыраудың басқа жолын көрмей, қылмыс жасайды. Бұл өмір сүру сапасының қымбаттауымен және жұмыссыздықпен тікелей байланысты. Мәселен, адам алдында туысқанының денсаулығы тұрса, ол операцияға заңды жолмен қалай ақша жинау керектігін білмейді. Яғни, әр қылмыскердің өз себебі бар. Әрине ондайды ақтаудың қажеті жоқ. Алайда бұлардың бір-бірімен байланысы бар», - дейді сарапшы.

Ал қоғам белсендісі Қазбек Бейсебаевтың пікірінше, елде қылмыстың көбеюіне әлемді әбігерге салған пандемияның салдары тиіп жатқан сияқты.

 

«Пандемияны түсіну үшін айта кету керек, ел экономикасының 70 пайызында жұмыс істейтін адамдар сервистік экономика саласында. Енді қараңыз, карантин болғаннан кейін осы салада жұмыс істейтіндерге қатты ауыр болды. Сондықтан халықтың жағдайы төмендеді. Қазір ішімдікке салынушылар мен ажырасу фактісі көп. Өкінішке қарай, ондай жағдайда қылмыс көбейеді», - дейді ол.

Осы орайда ІІМ мәліметіне сүйенсек, өткен 4 жылда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 30 пайызға төмендеген. Яғни 2016 жылы 2587 болса, 2019 жылы 1792 қылмыс тіркелген. Алайда бұл көрсеткіш 2020 жылдың басынан бастап қайта артып, биыл соңғы 6 айда былтырғы 879-дан 1043-ке жетіп отыр. Оған пандемия кезеңінде азаматтардың ұзақ уақыт карантинде отыруы ықпал еткен деп түсіндіреді құзырлы орган.

Министрліктің мәліметінше, жоғарыда аталған соңғы қылмыстар бойынша жауапқа тартылған азаматтар бұрын-соңды полиция назарына ілікпеген. Індет кезеңінде негізінен әлеуметтік-тұрмыстық мәселеге байланысты келеңсіздіктер көбейіпті. Яғни ата-ана, бала-шаға, көрші-көлем, туыс-туған арасындағы түсініспеушіліктер басым.

Сондай-ақ елімізде короновирустық пандемияға байланысты интернет алаяқтығы да азаймай тұр. 2019 жылмен салыстырғанда, ол қазіргі уақытқа дейін 4250-ден 10012-ге дейін жеткен. Соның салдарынан азаматтар 67 миллион теңге шығынға ұшырап отыр.

Все новости