00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды

11.03.2024 | 11:07
76
фото: ulysmedia.kz.

Сот мәтілметінше, күдікті Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша адам өлтіру, қасақана, аса қатыгездікпен адам өлтіру, Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша материалдық жағынан тәуелдi адамды жүйелі түрде ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық қинау фактісі бойынша айып тағылып отыр.

Ал оқиға болған гастро-орталықтың директоры  Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша аса ауыр қылмысты жасыру және Қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған.

Еске салайық, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жығып, әйелі көз жұмған еді. 

Барлық жаңалықтар