00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Техника дүкенінде екі рет ұрлық жасаған елордалық әйел ұсталды

05.02.2024 | 07:40
39

Тергеу барысында әйелдің оң жақ жағалауда орналасқан электронды техника дүкеніне барғаны белгілі болды. Ол сатып алушы болып тауарларды қарап жүріп, күдікті куәгерлердің жоқтығына көз жеткізген соң гаджеттер тұрған сөреден құны 68 мың теңгеден асатын Samsung телефонын алып кеткен.

Араға бірнеше күн салып әйел қылмыс орнына қайта келіп, бұл жолы да тура сол марканың телефонын алып сауда залынан шығып кеткен.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, әйелдің елорда аумағында осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Барлық жаңалықтар