00:00
Астана -10oC
USD:
439.4
EUR:
473.54
RUB:
4.76
Іздеу

Танысының қомақты қаражатын ұрлаған бикеш анықталды

21.07.2023 | 11:00
51
Фото: ашық дереккөз

Астаналық бикеш жаңадан танысқан адамының қомақты қаражатын қолды қылды, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны полицияға қаладағы дәмхананың бірінде әмиянынан 240 мың теңге ақшасын ұрлатқаны туралы арызданған. 

Қылмыстық іс бойынша оқиға орнына бірден барған тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шарасын өткізу барысында бейнекамерадағы айғақтарды негізге ала отырып, М. есімді бикешті күдікті деп тапқан. 

Тергеу барысында белгілі болғандай, жәбірленушінің айтуынша, дәмханада тамақтанып отырғанда қасына екі бойжеткен келіп, танысып, отырысты бірге жалғастырған. Артынан бір бикешті биге шақырып, екеуі билеуге кеткенде екінші құрбысы орындықта қалған әмияннан қомақты қаражатты жымқырған. Ол әрекеттері бейнекамераға түсіп қалған. 

Осылайша, жәбірленушіге 240 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Аталған іс бойынша жәбірленуші тарапынан көрсетілген дәлелдемелер мен болған оқиғаны анық түсіріп тұрған бейнебақылаудағы айғақтар күдіктінің кінәсін бұлтартпай мойындауына негіз болды.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар