00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

11.08.2023 | 16:00
57
Фото: дереккөз

Қару-жарақ сақталған жасырын орын облыстық Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырған арнайы іс-шаралар барысында анықталды, деп хабарлады Elorda.info. 

Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша қару-жарақ Қаратал өзенінің жағасынан табылған. Кенеп қапта 2022 жылы қаңтардағы оқиғалар кезінде ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер мен арнайы құралдар болды. 

5,6 мм калибрлі Марголин тапаншасы, сыңар ауызды шолақ мылтық, әртүрлі калибрлі 60 патрон, оқ өтпейтін кеудеше және рация тәркіленді. Бұл қару-жарақ пен арнайы құралдар ұрланған деп саналады, – деді Жетісу облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Болат Болысбеков.

Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындай отырылып, тергеу амалдары басталды .

Барлық жаңалықтар