00:00
Астана -10oC
USD:
440.9
EUR:
475.95
RUB:
4.82
Іздеу

Төреғали Төреәліге қатысты іс сотта жатыр

21.09.2023 | 10:00
58
Фото: ашық дереккөз

Белгілі әнші Төреғали Төреәліге қатысты іс сотта қаралып жатыр, деп хабарлады Elorda.info 

Бұл туралы Алматы қаласы соты баспасөз қызметі хабарлады. Оған билік өкілдеріне қарсылық көрсетіп, қызметтеріне кедергі келтірді, деген айып тағылып отыр. 

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Т.Әлихановқа (Төреғали Төреәлі) қатысты мемлекеттік қызметкерді өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде балағаттау (ҚР ҚК 378-бабы 1-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қаралуда, - делінген Алматы соты берген мәліметте.   

Естеріңізге сала кетейік, ол осы жылдың 14 маусым күні  есірткі тұтынып көлікті мас күйінде басқарып бара жатқан жерінен ұсталған болатын. Әнші сол кезде өзін тоқтатқан полиция қызметкерлеріне қарсылық білдіріп, түрлі балағат сөздер айтқан.    

Барлық жаңалықтар