00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Шымкентте жеке үйден ата-анасы мен балалары өлі күйінде табылды

27.10.2023 | 14:00
43
Фото: дереккөз

Оқиға қаладағы Ынтымақ шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінде болған, деп хабарлады Elorda.info

Қайғылы оқиға туралы Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды

Бүгін Ынтымақ шағын ауданындағы жеке үйде газбен улану салдарынан 5 адам қаза тапты. Барлық жедел қызмет көрсету мекемелері оқиға орнына шұғыл түрде барды.

Қаза тапқандардың туыстарымен кездесіп, жақындарынан айрылған жандарға көңіл айттым. Өз тарапымыздан барлық қажетті қолдау көрсетеміз.

Төтенше жағдайлар департаментіне, газ беру қызметтеріне, аудан әкімдіктеріне көпқабатты және жеке секторлардағы газ жабдықтарын бақылау мақсатында кешенді тексеру жүргізуді тапсырдым. Одан бөлек, пешпен жылыту қолданылатын үйлер де тексеріледі.

Қаламыздың тұрғындарын пәтерлерде, жеке үйлерде газды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауды сұраймын, - деп жазды меагполис басшысы. 

Алдын ала болжам бойынша марқұмдар газдан уланған болуы мүмкін.  

Барлық жаңалықтар